Қазақстанның саяси алаңында маңызды өзгеріс болды.
Биліктегі Amanat партиясы жаңадан құрылған “Әділет” саяси партиясының құрамына қосылды.Бұл шешім “Әділет” партиясының II съезінде қаралып, делегаттардың бірауыздан қолдауымен қабылданды.
Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, бұл қадам екі саяси ұйымның бірігуінен әлдеқайда маңызды. Оның сөзінше, бастама елдің жаңаруына бағытталған, жауапты әрі реформашыл күштердің ортақ мақсат жолында топтасуын көрсетеді. Сондай-ақ ол бұл шешім мемлекет пен қоғам мүддесін жеке саяси мүдделерден жоғары қоюдың айқын көрінісі екенін атап өтті.
Айта кетейік, “Әділет” партиясы 2026 жылғы 1 маусымда ресми түрде тіркелген болатын. Ал 12 маусымда өткен Amanat партиясының съезінде делегаттар “Әділет” партиясымен бірігу туралы ұсынысты бірауыздан қолдаған еді.
Еске салсақ, Қазақстанда Құрылтай сайлауы осы жылдың тамыз айында өтеді деп жоспарланып отыр.

