ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ТҮРКІСТАНДА ӨТЕДІ

 

26–28 қараша күндері Түркістан қаласындағы Конгресс-холл ғимаратында «Turkistan Eurasian Book Fair – 2025» республикалық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға отандық және шетелдік баспалар, белгілі авторлар мен оқырмандар қатысады.

Көрмеге кіру тегін.

Жәрмеңке барысында мыңдаған әдебиеттер баспа бағасымен ұсынылып, арнайы жеңілдіктер, сыйлықтар мен түрлі акциялар қарастырылған. Сонымен қатар жаңа шыққан эксклюзивті кітаптардың тұсаукесері өткізіліп, оқырмандарға атақты жазушылармен кездесіп, автограф-сессияларға қатысу мүмкіндігі беріледі.

27 қараша күні жәрмеңке аясында «КітапХан» жобасы ұйымдастырылады. Жоба – отандық және шетелдік әдеби шығармаларды қазақ тілінде талқылайтын ашық алаң. Баяндамашы туындының мазмұнын таныстырып, қатысушылар пікір алмасып, шығарманы жан-жақты талдап, өз бағаларын береді.

#түркістан #туркестан #turkistan