Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің дамуымен ерекшеліктері
Желтоқсан айында бірқатар ел өз бюджетін бекітті. Бұл Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің даму жолын, әр елдің басымдықтарын және болашақстратегиясын бағалауға мүмкіндік береді.
Сарапшы Расул Рысмамбетовтың айтуынша, Орталық Азия — төрт бюджет, төрт болашақ моделі. Бұл қатарда Түрікменстан әлі деректерінұсынбаған. Ал Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанжәне Тәжікстан бюджеттік саясатта әртүрлімодельдер мен басымдықтарды көрсетіп отыр.
Қазақстан 2026 жылы теңгерімді және жетілгенфискалдық басқару моделін ұсынады. Елдіңбюджеті 27,3 трлн теңгені құрайды. Бұл ЖІӨ-нің 14,8%-ы, оның 39%-ы әлеуметтік мақсаттарға бағытталған. Әлеуметтік қолдауға бюджеттің 25%-ы, денсаулық сақтауға 10%-ы, ал білім беру мен мәдениетке 15%-ы жұмсалады. Ол тұрақты экономикалық өсімнің негізін қалыптастырады. Бұл бюджеттік модель адам капиталын басқарудағыжүйелілікті көрсетеді.
Расул Рысмамбетов атап өткендей, Өзбекстанбюджеттің 55%-ын (220 трлн сум) білім беру мен денсаулық сақтауға бөледі. Шығыстар ЖІӨ-нің19%-ын құрайды. Бұл өңірдегі «әлеуметтік» бюджет құрылымы болып саналады. Ел жаңамемлекеттік модель жасап, адам капиталына жәнеинфрақұрылымдық жаңғыртуларға басымдықбереді. Фискалдық жүктеме жоғары, бірақ белсендіреформалар мен цифрлық шешімдер арқылы оны қолдауға болады.
Қырғызстан бюджеттің 36%-ын экономикалықдамуға жұмсайды, ал әлеуметтік бағыттарғабөлінетін үлесі 28,8%-ды құрайды.
Сарапшының пікірінше, Қырғызстан бюджетін шағын, бірақ икемді етіп ұстап, инвестициялар мен халықаралық көмектің арқасында экономикалық өсуге талпынып отыр.
Тәжікстан бюджеттің 22%-ын энергия мен инфрақұрылымға, ал әлеуметтік мақсаттарға 47%-ын бөледі.
Расул Рысмамбетов атап өткендей, бұл өмір сүру және ұзақ мерзімді автономия курсын көрсетеді. Мұнда энергетика экономиканың негізгі тірегіболып саналады.
«Жалпы, Қазақстан мен Орталық Азия елдеріұлттық ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтікбағыттағы экономикаға бет бұруда. Қазақстанда —жүйелілік пен ашықтық, Өзбекстанда — реформалылық, Қырғызстанда — динамика, Тәжікстанда — ресурстық концентрация», — дейдісарапшы.
Әр елдің бюджеттік саясаты олардың даму стратегиясы мен болашаққа қойғанбасымдықтарын айқын көрсетеді.

