ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ 1 ТРИЛЛИОН 300 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ АРАҚ САТЫП АЛАДЫ
Ащы болса да шындықты айтуымыз керек.
Бүгін Қазақстанның қай қаласына, қай ауылына барсаңыз да, дүкен сөрелері арақ-шарапқа толып тұр.
Бағасы қымбат болса да, сатылым тоқтаған жоқ.
Біздің ата-бабамыз арақпен өмір сүрген жоқ.
Арақ — атадан қалған ас емес!
Ал енді мына сандарға қараңыздар:
Қазақстанда жылына ресми түрде 915 миллион литр алкоголь (864 675 тонна) сатылады.
Зауыттағы бастапқы құны — 630 миллиард теңге.
Ал салық, үстеме баға, тасымал және дүкен бағасын қосқанда халық жылына шамамен 1 триллион 300 миллиард теңгесін ішімдікке жұмсайды.
Бір ойлап көріңізші…
Осы ақша ғылымға, білімге, өндіріс пен балалардың болашағына жұмсалса, еліміз қаншалықты дамыр еді?
Ал арақтың салдары қандай?
Жетім қалған балалар
Ел арақ сатып байымайды.
Мұнайдан, алтыннан, ураннан байымай отырған ел — арақтан да байымайды.
Ұлттың болашағын ойлайтын уақыт келді.
Ауруын жасырған өледі.
Шындықты мойындамай, мәселені шеше алмаймыз.
Не істеуге болады?
Ұсыныс пікіріңізді жазыңыз
Жәнібек Қожық
Маңғыстау облысы
Онды ауылы
Жәнібек Қожық facebook парақшасынан

