ҚАЗАҚ ЕЛІН БІР ЖЫЛДА ТІК ТҰРҒЫЗУҒА БОЛАДЫ
Тәуелсіздігіміздің жылдары елді ұзақ жоспарлармен созбақтап алдаусыратумен
өтті. Уақыт жоғалттық, бірақ арманға жете алмадық.
Халықтың сенімі – құмға сіңген тамшыдай. Биліктің сөзі – бос уәде сықылды.
Халық бүгін әділетті, ертең үмітті сезінгісі келеді.
Ал, шындығында, Қазақ елін бір жылдың ішінде тік тұрғызуға болады.
Ол үшін бізге ұзақ жоспар да, жалған конференция да емес, бес қадамдық серпіліс керек.
1. Рух пен әділетті, сенімді ояту
Біздің ең үлкен байлығымыз – мұнай да, алтын да емес, рухымыз бен сеніміміз.
Әділет орнаған жерде халық сенеді. Сенім орнаған жерде – еңбек те, береке де болады.
2. Ашық Үкімет – Жасырын ештеңе жоқ!
Министрліктің әр шешімі, әр келісімі, әр тендері – халыққа қолжетімді болсын.
Мемлекет бір ғана порталдан халыққа есеп беретін заман келуі керек.
Жасырын құжаттар дәуірі бітті. Енді ашықтық дәуірі басталсын!
3. Жемқорлыққа тоқтам – цифрландыру арқылы
Жемқорлық – қазақтың ғасырлық дерті.
Оған жалғыз қатаң заң емес, цифрлық есеп пен толық ашықтық тоқтам болады.
Әрбір теңгенің қайдан келіп, қайда кеткенін халық онлайн көріп отырса – ұрлыққа жол жоқ.
Мемлекеттің қазынасы – халықтың қалтасы!
4. Табиғи апаттарға қарсы ұлттық қорған
Су тасқыны, жер сілкінісі, апатты бөгеттер – халық тағдырын ойыншыққа айналдырмауы керек.
Бүкіл қауіпті нысандар тіркеліп, ғалымдар мен кәсіби мамандар тікелей басқаруға қатысуы шарт.
Апаттың салдарымен емес, алдын алу жолында күресі керек!
5. Жаңа бағыт – жастардың болашағы!
Жастар – елдің бүгінгі күші мен ертеңгі үміті.
Оларға бос уәде емес, жаңа мүмкіндік беру керек:
Жаңа білім жүйесі.
Шығармашылық пен кәсіпкерлікке нақты қолдау.
Жастардың билік пен қоғамдағы үлесін арттыру.
Жастарға жол ашылса – Қазақ елінің болашағы ашылады!
БҰЛ, АЗАМАТТЫҚ ПІКІРІМ!
Бір жыл – аз уақыт. Бірақ бұл аз уақыт – тағдырдың шешуші кезеңі.
Егер біз әділетті оятсақ, ашықтық орнатсақ, жемқорлықты жойсақ, қауіпсіздікті қамтамасыз етсек, жастарға жол ашсақ – Қазақ елі қайтадан тік тұрады.
Бұл – арман емес, бұл – міндет!
Бұл – алдағы ғасыр емес, бұл – бүгінгі күн!
Бұл – ертең емес, бұл – дәл қазір басталуы тиіс жол!
Қазақ елі бір жылда оянады!
Ұлы дала – Қазақы Орда!
Айгүл Құрманбек

