Каспий Конвенциясы – Қазақ дипломатиясының жеңісі !

Бүгін, Ақтауда жаңадан салынған Достық үйінде өткен Каспий маңы елдерінің бесінші саммитінде бес мемлекеттің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы халықаралық конвенцияға қол қойды! Конвенцияны әзірлеу жұмысы соңғы 20 жыл бойы тынымсыз жүргізілді. Құжатта тараптардың Каспий теңізіндегі қызметінің негізгі қағидаттары айқындаған. Бұған дейін Каспий маңы елдерінің басшылары төрт рет кездескен. Әдетте кежегесі кері тарта беретін Ресейді бұл жолы Конвенция жобасын қолдауға асықтырған Қазақстан Ақтау порттарына АҚШ әскери-теңіз, әскери әуе күштерін орналастыруға рұқсат беруі ықтимал деген қорқыныш әсер еткен сияқты.

Каспий теңізі шын мәнінде жер шарындағы ең үлкен көл. Өзі мұхит деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Жағалау сызығы 7 мың шақырымнан асады. Оның 29 пайызы – Қазақстанға, 21 пайызы – Түркменстанға, 20 пайызы – Әзірбайжанға, 14 пайызы – Иранға, 9 пайызы – Ресейге тиесілі.

Осы елдердің ішінде Қазақстан бірінші болып 1994 жылдың 19 шілдесінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын ұсынды. Жоба бойынша Каспий ТЕҢІЗ ретінде қарастырылып, 1982 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған БҰҰ Конвенциясының негізгі нормативтерінің күші жүру қарастырылған. Жобада Каспий жағалауындағы елдердің мемлекеттік шекаралары көлемдік сулар бойынша, яғни жағалаудан 12 теңіздік мильмен бекітілуі қажет. Теңіз түбінің қалғаны ұлттық секторларға бөлінеді.

Каспий – ерекше теңіз, сондықтан оған жалпылай қарауға болмайтыны туралы ұстанымды бәрі қолдады. Бұл орайда Қазақстан тараптардың ұстанымдарын жақындастыру үшін ерекше күш-жігер жұмсады. Ақтау саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы қол қойылған Конвенция, Қазақ дипломатиясының үлкен жеңісі!!!
(Материалға Конвенцияға қол қойылғаны туралы хабар бойынша сәл-пәл түзетулер енгізілді -Автор).

Марат Бәйділдәұлының фб парақшасынан (Тоқашбаев)