Кәсіпкерлік саласы қарқынды даму үстінде

Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерлік саласы кең қанат жайып, жыл сайын кәсіпкерлікпен айналысушылар саны артып келеді.
Осы мақсатта өз кәсібін ашып, дөңгелетіп, мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып отырған жамбылдықтар өзін және ортасын жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікпен айналысуда.
Жамбыл ауданында да кәсіпкерлік саласы жыл санап қарыштап дамып келеді. Бұған қоса, жергілікті өнеркәсіп өнімі мен өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің де несібесі былтырғыдан еселенді.
2022 жылы қаңтар-мамыр айларына өнеркәсіп өнімінің көлемі 8,2 млрд.теңгеге орындалып тиісті кезеңімен салыстырғанда 67,7% орындалған. Нақты көлем индексі 104,3% құрады.
Алдын ала болжам бойынша 2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен өнеркәсіп көлемі орындалуы 9,9 млрд теңгені немесе 100,5% пайызға орындалады деп күтілуде.
Ал, тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6106 бірлік. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 5124 бірлік.
Кәсіпкерлердің жалпы санынан жеке кәсіпкерлер 2631 бірлікті немесе 51,3%, шаруа қожалықтар 2252 бірлікті немесе 43,9%, заңды тұлғалар 241 бірлікті немесе 4,7% құрайды.
Жұмыс істеп тұрған субъектілер өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда +14,3% артқан. Бұл салада 7005 адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің өндірген өнім көлемі 44,8 млрд. теңге.
Ішкі саудаға келер болсақ:
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларына бөлшек сауда көлемі 4390,0 млн.теңгеге орындалып өткен жылмен салыстырғанда 134,9% орындалған.
Көтерме сауда көлемі 12336,0 млн тенгені құрап 213,2% орындалды.
Ауданға көтерме және бөлшек сауда көлемдері негізінен жанар жағар май станцияларының тауарды өткеру көлемі есебінен шығады. Барлығы 8 субъект.
Үкімет тарапынан халықтың экономикалық ахуалын жақсарту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Бизнестің жол картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар үлкен шапағатын тигізуде.
Аталмыш бағдарламалар жарық көргелі ауыл тұрғындарына кеңінен насихатталып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатары артып келеді. Жұмыссыз азаматтарға, жас мамандарға, кәсіп ашамын деген жандардың бағдарламаларға қатысуына ықпал жасалуда.
Десек те, бизнес өкілдері заман ағымына сай бейімделіп келеді.
Біз бұдан «алма піс, аузыма түс» деп жата бермейтін жандардың артқанын байқаймыз. Әрі бұл қуантады да. Осылайша, еңбек етемін деушілерге кәсіптің көзі мен қолдау білдіру арқылы қоғамда бар «масылдық» қасіретін жоюға қозғау салалатындаймыз.
Президентіміздің берген тапсырмасы да осы емес пе?!

Көркем Асқар