Кәсіпкерлермен ашық диалог өткізді

«Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Ақжол Centr» сауда орталығының жалға алушыларымен кездесу өтті. Басқосуға Байқоңыр аудандық сайлау штабының өкілдері қатысып, кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген азаматтармен пікір алмасты.
Кездесуді Байқоңыр аудандық сайлау штабының мүшесі Ержан Ерханұлы жүргізді. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіп иелеріне қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Кездесу барысында Бибігүл Қадырқызы партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтарды түсіндіріп, азаматтарды сайлау процесіне белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлеріне назар аударып, оларды ашық диалог барысында талқылады.
Жиын еркін пікір алмасу форматында өтті. «Ақжол Centr» жалға алушылары өздерін толғандырған мәселелерін айтып, кәсіпкерлік ортаға қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Сайлау штабының өкілдері қойылған сұрақтарға жауап беріп, партияның алдағы міндеттері туралы түсінік берді.
Байқоңыр аудандық сайлау штабы алдағы уақытта да еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және қала тұрғындарымен кездесулер өткізіп, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жалғастыра бермек.
#Астана #ӘділетПартиясы
#әділетқұрылтай2026
#ӘділетАстана #ӘділетБайқоңырАуданы