Кәсібіне қарай – нәсібі
Кәсібін нәсібіне айналдырған кәсіпкер әйелдердің үлес салмағы жылдан-жылға артып келеді. Кәсібін ашып халықтың алғысына бөленіп келе жатқан жандардың бірі алматылық Гүлсара Аманжолқызы. Ол көрпе тігу орталығына иелік етеді. Тігіншілік — шыдамдылық пен жауапкершілікті, тиянақтылық пен ұқыптылықты қажет ететін мамандық. Осы саланы тереңірек меңгеріп, кәсібін дөңгелетіп жүрген Гүлсара Аманжолқызымен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
– Сұранысы жоғары кәсіп — көрпе, жастық жаңалау, көрпе жасау кәсібі. Осы кәсіпке қашан келдіңіз?
– Көрпе жаңарту орталығым — Алматы қаласында 2019 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Біздің ең ауқымды жобамыз @korpem.kz көрпе тігу орталығы. Одан бөлек бізден станок алып ашқан тұтынушыларымыз 100 ден асады. Қазақстан бойынша сұраныс өте жоғары. Осы салаға байланысты толық курс бар. Үйрету, орнату, бизнес схема, және тағыда басқа қызмет түрлерін курста үйретеміз. Біздің орталық көрпелердің сапасына ерекше назар аударады. Біздің орталыққа келіп, ескі көрпеңізді жаңартуға тапсырыс берсеңіз, біз оны мұқият тазалап, қайта өңдеп, алғашқыдай сапалы күйінде қайта ұсынамыз.
– Оқырмандарға жоғары сорт мақта мен төменгі сорт мақтаның айырмашылығын түсіндіріп өтсеңіз?
– Жоғары сорт мақта — таза, жұмсақ және ұзақ уақыт бойы тұрақты сапасын сақтайды. Бұл мақта түрі гипоаллергенді болып келеді, яғни теріге зиян тигізбейді. Сондай-ақ, ол ауа өткізгіштігімен ерекшеленеді, бұл біздің көрпелеріміздің ыңғайлы әрі теріге жайлы болуын қамтамасыз етеді.
Төменгі сорт мақта — сапасы жағынан жоғары сорттан төмендеу болады. Әдетте, оны арзан бағамен ұсынады, бірақ оның ұзаққа шыдамайтындығы және теріге жағымсыз әсер етуі мүмкін екендігін ұмытпау керек.
Біздің орталық тек жоғары сорт мақта пайдаланады, сондықтан біздің көрпелеріміз сіздің денсаулығыңызға қауіпсіз әрі сапалы болады! Біздің орталық көрпелердің сапасына ерекше назар аударады. Сіздерге жоғары сорт мақта мен төменгі сорт мақтаның айырмашылығын түсіндіріп өтейік. Жоғары сорт мақта — таза, жұмсақ және ұзақ уақыт бойы тұрақты сапасын сақтайды. Бұл мақта түрі гипоаллергенді болып келеді, яғни теріге зиян тигізбейді. Сондай-ақ, ол ауа өткізгіштігімен ерекшеленеді, бұл біздің көрпелеріміздің ыңғайлы әрі теріге жайлы болуын қамтамасыз етеді. Төменгі сорт мақта — сапасы жағынан жоғары сорттан төмендеу болады. Әдетте, оны арзан бағамен ұсынады, бірақ оның ұзаққа шыдамайтындығы және теріге жағымсыз әсер етуі мүмкін екендігін ұмытпау керек.
–Әртүрлі тұтынушылар болатыны анық. Жасаған жұмыстарыңызға қанағаттанбайтын адамдар кездесе ме?
– Осы уақытқа дейін ешқандай шағым болмаған. Әр бөлмеде бейнебақылау камералары бар. Күмән туындаған жағдайда, кез келген уақытта ашып көрсетіп бере аламыз. Сол үшін, бізге сенім білдіріп өз көрпелеріңізді алып келе берсеңіздер болады. Біз барлығын адалынан жасаймыз. Бір бірлеріңіздің көрпелеріңіз ауысып кетпейді.
– Қандай табиғи өнімдермен жұмыс жасайсыздар?
— Түйе жүнінен жасалынған көрпелер – жоғары сапалы, ұзақ уақытқа шыдайтын және ерекше жылулық қасиеттеріне ие өнімдер. Сондықтан, ескі түйе жүнінен жасалған көрпені қоқысқа лақтыруға асықпаңыз. Қазіргі уақытта түйе жүні нарығында сұраныс жоғары, оның бағасы да қымбат. Сондықтан, егер сізде осындай көрпе бар болса, оны жаңартуға немесе жөндеуге мүмкіндік бар. Түйе жүнінен жасалынған көрпелердің қасиеттері өте көп – ол термореттеуші қасиетке ие, жылуды өте жақсы сақтайды, аллергия тудырмайды және экологиялық тұрғыдан таза материал болып табылады. Сонымен қатар, түйе жүнінің табиғи антибактериалды қасиеттері бар, бұл оны денсаулық үшін пайдалы етеді.
—Тұтынушыларыңызға қандай кеңес берер едіңіз?
— Көрпенің ұзақ жылдар бойы қызмет етуі үшін оны күтіммен пайдаланған жөн. Егер көрпе таза болса, оның қолданылу мерзімі ұзарады, сондықтан оны жуып, жаңартуға ұмтылыңыз. Біздің мамандар сізге көмектесуге дайын, және сіздің сапалы жүннен жасалған көрпеңіз қайтадан өз тұтынушысын табады. Біз тек экологиялық таза өнімдермен жұмыс істейміз, сондықтан сіздің көрпеңізді жаңарту барысында біз тек ең жоғары сапалы материалдарды пайдаланамыз.
-Қой жүнінің біз білмейтін пайдалы жақтары?
-Құрамында ланолин деген табиғи май болады. Ол көбінесе — косметика және тері күтімі өнімдерінде жиі қолданылады, сондай-ақ кейбір дәрілік кремдерде, бальзамдарда болады. Бұл дегеніміз сіз қой жүнінен жасалынған көрпені жамылған уақытта — микроорганизмдердің өсуіне кедергі жасайды және бактериялардың көбеюін тежеуге көмектеседі. Осы қасиеттері арқасында бұл қой жүні аллергия мен тері ауруларына қарсы тұра алады. Қой жүнінің термореттеу қасиеттері өте жақсы. Құрылымы салқын ауа-райында жылу ұстап тұруға көмектессе, ыстықта терлеуді болдырмайды. Нәтижесінде, мұндай көрпелер жыл мезгіліне қарамастан өте ыңғайлы. Қой жүнінен жасалған көрпелер өте берік болып келеді. Жүннің құрылымы уақыт өте келе тұрып қалмайды, көрпені көп уақыт бойы пайдалану мүмкіндігін береді. Сондықтан сіздерге қой жүні және түйе жүнің таңдауға кеңес беремін. Синтепон көрпе : полиэстер деген материалдан жасалынады. Полиэстер ауа өткізбейтін материал болғандықтан терінің тітіркенуіне, аллергияға немесе бөртпеге себеп болуы мүмкін.
—Көрпе тігетін, жүн түтетін станоктарды қайдан аласыздар?
—Біз станоктарды Қытай елінен тікелей жеткіземіз. Бұл салада қызмет жасап жүргенімізге 12 жылдай болды. Біз осы саламен 20 жылдан астам уақыт айналып келе жатырмыз. Ең алғаш Талдықорған қаласынан бастағанмыз. Жеткізу, орнату, үйрету тіпті бизнес схемамен де бөлісеміз. Сенімді, білімді, тәжірбиелі компаниямыз. Сол себепті де бізге сенім артсаңыз болады.
Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңіз табысты болсын!
Г.Тұрлыбекова

