Кәсібін жаңа бастаған бизнесмендер Сәтбаев әкімінің  грантына спорт клубын ашты

 

Сәтбаевта балалар каратэ, бокс және дзюдомен тегін айналыса алатын спорт клуб ашылды. Оны жас кәсіпкерлер мен спортшылар Мәди Мұқатай мен Аманат Мұратбек ашты. Екі жаттықтырушы да спорт саласында көптеген жеңістерге ие және өз оқушыларын шын жүректен жақсы көреді.

– Мен карате-киокушинкай-кан бойынша бірінші данның қара белбеуінің иегерімін. Балаларды бірнеше жыл бұрын жаттықтыра бастадым. Өз ісімді жақсы көремін. Бұрын біздің зал тар әрі ыңғайсыз болды, жабдықтар жетіспеді. Спорт клубын ашу үшін мен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өттім және өткен жылы қала әкімінің грантына арналған конкурсқа қатыстым. Миллион теңге алдым. Содан кейін грантты жеңіп алған досыммен бірігіп, спорт клубын аштық. Татами, дулыға, шамдар және басқа да қажетті заттарды сатып алдық. Бізде 200-ден астам бала спортпен шұғылданады, – деді Мәди Мұқатай.

 

 

Клубтың ашылу салтанатында Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов жас спортшылар мен олардың ата-аналарын айтулы оқиғамен құттықтап, жаттықтырушыларға қалада спортты дамытып, жасөспірімдер арасында танымал еткені үшін алғыс айтты.

 

              Жомарт Шаймұрат