Қарты бардың қазынасы бар

Бүгін-Қарттар күні мерекесін дүниежүзі атап өтіп жатыр. Қарттар күні-халықаралық мерекесі 1990жылдың 14-ші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1қазанда тойланып келеді. Аталған мерекенің мақсаты- қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің қызметкерлері мекеме бастығының орынбасарымен бірге мекемеде талай жылдар қызмет етіп зейнетке шыққан Серікжан Атиновтың үйіне арнайы барып Халықаралық Қарттар күнімен құттықтап,сый сияпаттарын тапсырып, зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тіледі. Әр ардагердің өмір жолы- тарих беттеріндегі қымбат мұра.
Қарттар күні- даналық, мейірімділік пен құрмет күні! Бұл мереке бәрімізге аға ұрпаққа біздің сүйіспеншілігіміз, қамқорлығымыз бен назарымыз қажет екенін тағы бір рет түсінуге мүмкіндік береді.

 

Мұрат Мақұлбекұлы, Жамбыл облысы