Каратэшілер Азия чемпионатынан жеңіспен оралды

Киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионаты Астанада өтті.
16-17 маусым күндері Астана қаласында Киокушинкай-кан каратэден ірі додалардың бірі ашық Азия чемпионаты өтіп, оған 12 елден 250 спортшы қатысты.


Азия құрлығының үздіктері қатысқан сайыста Атыраулық Киокушинкай-кан каратэшілер 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Досымова Карина, Повстянко Глеб және Әбдіғали Дінмұхаммед Азия чемпионатының финалистері атанды. Әбдірахманова Аружан мен Калистру Карина болса үздік үштіктен көрінді. Құраманың ең үздік спортшыларының бірі, әлем чемпионы Андрей Котов бұл жолы қола жүлдені қанағат тұтты. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар: Нұрымов Таңат, Жолдасов Мұрат, Байбосынов Рүстем.

                                                         Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі