ҚАРАТАУЛЫҚ БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСТІ
Мемлекетіміз ана мен баланы қорғау, балалардың болашағын жарқын ету бағытындағы тапсырмаларына сәйкес Қаратау қаласында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылып келеді.
Сондай жұмыстардың бірі -Қаратау қаласы балаларға арналған тағы бір ойын алаңшасымен толықты. Бұған дейін сегіз алаңша ашылған болатын. Бұл тоғызыншы.
– Қаланы дамыту мұнымен тоқтап қалмайды. Әлі де жыл соңына дейін қаладағы аулаларға бірнеше ойын алаңшаны салып беру жоспарланған. Осындай игі істер өзгелерге де үлгі болып, қаламыздың әлеуетін дамытуға атсалысса екен деймін, – дейді қала әкімі Дархан Баймбетов.
Қарт Қаратауда пайдалануға берілген алаңша барлық стандарттарға
сай. Онда жарықшамдар орнатылып, айналасы абаттандырырған.
Бір мезгіл баласымен барған ата-аналарға тыныстап демалуға арналған жайлы орындықтар қойылған. Мұндай ойын алаңшасы осымен тоғызыншы рет қала балаларына табысталуда.
Қаратаулықтар жыл соңына дейін әлі үш алаңшаның ашылуына куә болмақ. Жалпы жыл соңына дейін 12 алаңша балалар игілігі үшін қызмет ететін болады.
Дариха Үмбетиярова, Талас ауданы