Қадірменді кеншілер!

Құрметті химия өнеркәсібінің қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Химиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда елімізде өнеркәсіпті дамыту, өнім сапасын арттыру, қазіргі заман талабына сай өндіріске жаңа технологияларды енгізуге, өндіріс орындарын ашуға баса назар аударылып келеді.
Бұл бағытта химия өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің алар орны ерекше.
Сарысу ауданы өнеркәсібінің негізін «Қазфосфат» ГПК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «ЕвроХим» компаниясы құрайды. Бұл химия саласының алыптары ауданда ғана емес, облыста тау-кен өңдеу саласының дамуын қамтамасыз етіп отыр. Аудандағы әрбір отбасының азаматтары осы саламен тығыз байланысты.
Біздің қарт Қаратаудың жер қойнауы фосфорлы байлығымен танымал. Қаратау қойнауын бойлап жатқан кен орындарын игеруде және ауданымыздың дамуында «Қазфосфат» тау-кен өңдеу кешенінің алар орны бөлек. Кәсіпорынның өнім өндіру көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Құрылғанына биыл 55 жыл толғалы отырған ауданымыздың орталығы Жаңатас қаласының даму тарихы да кеншілер тарихымен, осы кәсіпорынмен тығыз байланыста.
Бүгінде, «ЕвроХим» компаниясы да өздерінің өндіріс деңгейін әлемдік экономика талабына сәйкес дамытып келеді.
Бұл еңбек ұжымдары аудан көлеміндегі түрлі демеушілік және қайырымдылық шаралардан сырт қалған емес.
Ауданның тыныс-тіршілігіне, қоғамдық, саяси, мәдени шараларына белсенді араласады.
Ауданның химия саласын дамытудағы жұмыстардың барлығы кеншілердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде ғана мүмкін болып отыр.
Кеншілер қауымының жігерлері мен ізгі ниеттері ауданның бұдан әрі қарқынды дамуына оң ықпалын тигізе беретіндігіне сенеміз.
Қадірменді кеншілер!
Сіздердің еңбектеріңіз біз үшін қашан да құрметті.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің кен игеру саласының баянды болашағы мен игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер, мол табыстар тілеймін.
Баршаңызға белсенді қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін.
Мереке құтты болсын!
Сәкен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі