Көшбасшылық қабылетті қалай шыңдау керек немесе өзін-өзі басқарудың ендігі бағыты қандай?

Лицей-мектептердің президенттері жас көшбасшыларды шыңдау мақсатында тәжірибе бөлісіп жатыр.

Қазақстанның әр аймағындағы «Білім-инновация» лицейлерінің мектеп президенттеріне арналған «ЖАС КӨШБАСШЫ-2017» Құрылтайы басталып кетті.
20-21 қазан күндері «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорына қарасты өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері арасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» патриоттық бағыты аясында ұйымдастырып жатқан бұл форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 36 оқушы келді. Қатысушылар сағат 9-да «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының президентіDarkhan Ote және президенттің кеңесшісі Nurbol Tulebayevмырзалармен кездесті. Ұлағатты ұстаздар оқушыларға Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «ұлттық код», «білімнің салтанат құруы», «ұлттық бірегейлікті сақтау», «бәсекеге қабілеттілік» сияқты мәселелердің маңыздылығын түсіндірді.