Көпті көргеннен 14 кеңес

Қайғы мен қуаныштың қос арбасын сүйретіп бұл өмірдің талай белесін артқа тастаған адамдардың аузынан нағыз өмірлік кеңестер шығады. Олар кейінгі толқын — інілері өзі жасаған ағаттыққа бармаса екен, өзі өкінген істі жасамаса екен деп өмірлік тәжірбиелерімен бөліседі.

Біз алғашқы жалақымызды алған күннен бастап балалықпен қоштасамыз. Осы уақыттан бастап сіз де материалдық байлықты ғана көздейтін қатарлас көршілеріңіздің көшірмесіне айналып, дүниенің соңынан жүгірудің алғашқы қадамдарын баса бастайсыз.

Айналамыздағы қарапайым адамдар ең үздік Халықаралық Ақпарат көздері анықтаған ақпараттан да артық жаңалықтардан хабардар болып отырады. Әйткенмен, олардың бәрі дұрыс ақпарат тарата бермейді. Көбінің ақпарараты ауыздан құлаққа жетіп жүріп өзгеріске түсіп те үлгереді. Тыңдайтындары да жоқ емес. Олар болашақты болжйады, бүгінгіні де сараптап айтып бере алады. Көп білетіндер де, көпті көргендер де сөйлей берсін. Олар сөйлегенде тек тыңдау керек.

Ол үшін ең алдымен естіген нәрсені дұрыс саралауды үйрену керек. Сонда олар сөйлегенде тек өзіңізге керегін ғана түртіп отырасыз, ал қалғанын мида қоқыс қылмай, жай ғана құлақтан арықарай өткізіп жіберіп отырыңыз. Өміріңізге және ісіңізе үлгі ететін адамның болғаны жөн. Әйткенмен, үлгі аламыз деп, оның бар өмірін қайталап, көшірмесі болып кетпеуіміз керек. Ұялшақтық – алға қарай дамудың ата жауы. Өзіңіздің қолыңыздан не келетінін көрсете алмау да сор.

«Бетпақтық – екенші бақ» деген орыстардың айтқаны да рас екен. Кейде бұл мінезің болмаса да, біреулердің қазған орына оңай түсесің де қаласың. Қолыңда ештеңең жоқ кезде көп тәуекел еткен де дұрыс. Уақыт өте отбасың, табысың, арың мен абыройы жиналғанда тәуекелге бел буу қиындап қалады. Егер тәуекелшіл шешімдер қабылдауды жақсы көрсеңіз, жас кезіңізде ғана солай етіңіз. Жолдас таңдағанда жақсылап ойлану керек. Өзімізге қандай да бір жері ұнамайтын адаммен аса жақын қарым-қатынаста болмауымыз керек. Уақыт өте оның сол «қандай да бір жерінен» бізге қатерлі қауіп келуі әбден мүмкін. Жолжөнекей жомарт бола бермей, керек кезде сараңдық таныту керек.

Өйткені өзіміз тапқан дүниенің қадірін өзіміз ғана білеміз. Ақшаны үнемдеуді үйренген сайын жоспарларымызды жүзеге асыруды да тездетеміз. Әлемді тану керек. Әлемді тану жолында кеткен қаражат киім-кешек пен тұрмыстық заттарға кеткен шығыннан әлдеқайда артығырақ. Өйткені саяхат пен серуен адамға ең алдымен білім, одан соң жақсы естелік және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Біреудің есебімен өмір сүруге дағдыланбау керек.

Егер жас кезіңізден сондайға үйренсеңіз, өмір бойы жалқаулыққа салынасыз. Әркім өз еңбегімен нан тауып жегені дұрыс. Жалақыңыздың аздығына налымаңыз, керісінше өз ой-еңбегіңізбен нан таба алатыныңызға қуаныңыз.

Әрекет ету үшін жоспар құру керек. Жоспары жоқ адам өмірден көп жұдырық жейді. Күніне дым құрығанда он бес минутты физикалық жаттығуларға арнау керек. Ағазаңыз осыған үйренген кезде өзіңіз де осы пайдалы жаттығусыз күніңізді елестете алмай қаласыз.

Бәсекелесуді үйрену керек. Өйткені жұмыс, бизнес – мұның бәрі нағыз бәсекелестіктің ортасы.

Толығырақ: https://massaget.kz/jigitterge/psihologiya/27249/