Көпке үлгі боларлық

🔹«Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» дейді халқымыз. Өзгелерге жәрдемдесіп, мейірім шуағын төгу тек алтын жүректі адамдардың ғана қолынан келетіні сөзсіз. Мұндай жандар Тараз қаласында да аз емес. Солардың бірі – сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Әсел Жапарова.
📌Әсел Әбілханқызы қыстың қақаған аязына қарамастан көше тазалап жүрген «Жасыл ел – Тараз» жұмысшыларына шай мен ыстық бауырсақ үлестіріп, қолдау көрсетті. Бұл игі іске 50-ден аса адам қамтылды.
– Осындай күннің суығына қарамастан еңбек етіп жүрген тазалық сақшыларының еңбегі ерлікпен тең. Сондықтан жұдырықтай жұмылып оларға көмек көрсеткеніміз жөн. Осындай игі іске қаланың өзге де тұрғындарын, кәсіпкерлерін шақырамын, – дейді депутат.