КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жамбылдық шаруалар көктемнің қарабалас тіршілігін бастап кетті.
Бүгінде Гродекова ауылдық округінде «Тимофеев» шаруа қодалығы 500 гектар алқапқа арпаның «космос», «бәйшешек» сұрпын орналастыруда.
Сондай-ақ Жамбыл ауылдық округі Танта ауылының «Асқар» шаруа қожалығы жер жырту жұмыстарын аяқтап, 10 гектарға пияздың «катика» сортын егуде.
Жамбыл ауданы әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Лаурат Аманов жұмыс сапырмен аталған ауылдық округтеріге барып, шаруалардың жұмыстарын көрді.

Жамбыл ауданы әкімдігі