Көксегеніміз – елдің амандығы

Бүгінгі таңда орын алып жатқан ауыртпалық, Түркі, Сириялық бауырларымыздың басына түскен үлкен сын болды. Осы сәтте үйде отырған, алғы шепте күресіп жүрген батырларымызбен қалауымыз бір. «Халқымыз аман болса екен» деген жалғыз тілек. Санымыз аз Қазақ елінің де тарихта көрген, басына түскен ауыртпалығы аз емес. Мына қиындықтан да аман өту , қолдау басты мақсатымыз. Халық пен билік арасындағы бірлік жарасып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» кез болып тұр.
Өйткені орын алған орны толмас жәй тек бұл елдердің ғана емес, бүкіл әлемнің қайғысына айналды. Осының барлығы жүрекке қаяу түсіреді. Жалпы, біз қаза тапқан жанның жақындарының қасынан табылатын халықпыз ғой. Бұл нәубет әрқайсымыздың есімізде қалары сөзсіз.
Осы орайда әлеуметтік желіде ардагер ақсақалымыз, қоғам белсендісі Қасымхан Естемесұлы Төлендиевтің «Отандастарымды бірлікке, сабырлыққа шақырғым келеді» деген елімізде жүріп жатқан саяси науқанға алаңдап, еліміздің болашағы үшін бірлікке, сабырлыққа шақырған мәселе көтерді.
Ұлттық қадір-қасиетттер: әдептілік, қонақжайлылық, бауырмалдық, қайырымдылық Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет, т.6. толығымен осы мәселеде көтерілді.
Ақиқатында құрметпен ынтымағы ұйыған елдің еңсесі биік, ертеңі айқын болары ақиқат.
Сондықтан да, татулық пен өзара келісімді сақтау, Отанымыздың өркендеуі жолында еңбек ету – біздің ортақ ісіміз, мүдделі мақсатымыз.
Елдігімізді сақтап қалу мен бірлігімізді баянды ету үшін әрбір азаматтың патриоттық сезімі, отансүйгіштік мүддесі ортақ мақсатқа тоғысқаны абзал.
Біз үшін қанатты қағида – «Бірлік түбі – береке» елдігіміз бен бірлігіміздің мәңгі бойтұмарына айналуы тиіс.
Мемлекет басшысы айтқандай «Ел үшін қызмет етейік» .Қариясын құрметтеген ел озады » демекші абыз ақсақалдарымыздың көтерген мәселелеріне, айтқан ақыл кеңесіне құлақ асып қолдайық.
Атам қазақ: «Өсер елдің баласы бірін бірі батыр дейді…» дегендей, Жаратқан Алла ауызбіршілігіміз бен ынтымағымызды арттырғай! Әумин!

Болат Үсембаев, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі