КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан активімен аппараттық кеңес өткізіп, көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының өту барысы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің атқарған жұмыстарын, алдағы жоспары мен түйткілді мәселелерін талқыладық.
Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен бірге, егіс алқаптарына жүргізілген зерделеудің нәтижесі тыңдалып, жыл басында бекітілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.
 Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков Шу ауданы әкімі