Ит тістеді екен деп, менде барып тістесем…

Үнемі Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүзінен нұр, жүрегінен жылу төгіліп тұратыны әр сахабасы секілді Амр ибн Асқа да қатты әсер еткені соншалық, ол да Пайғамбарымыздың ең жақсы көретін адамы мен шығармын деген ойға қалған. Тіпті бірде шыдамай: «Уа, Алланың елшісі, айтыңызшы, Әбу Бәкірді көбірек жақсы көресіз бе, жоқ мені ме?»,- деп сұраған да еді. Пайғамбарымыздың өзіне жақын сахабаларына жиі көрсеткен бұндай жылы жүзділігі мен ыстық ілтипаты — үлгі-өнеге аларлық сүннет екені сөзсіз.

Ибн Аббастың риуаят етуінше, хазіреті Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдулқайс ұлдарынан Әшажға: «Сенде Алла сүйетін екі тамаша қасиет бар: ол жұмсақмінезділігің мен ықтияттылығың» дегенде де, бұл екеуі Құдай сүйетін ең керемет мінез екенін білдірген (Мүслим, Иман 25, 26).

Ақын ағамыз Мұқағалиша айтқанда, «Тайраңдап алды-артына қарамайтын түйсіксіз тайлақ» іспетті адуын не дөрекілік — көңілді қаралап, жанды жаралайтын, көргенсіздіктен туатын қаншалықты нашар қылық болса, майдай жұмсақтық, иілгіштік, кешірім жасай білу — тектіліктен, имандылықтан, көргенділіктен өріс алатын соншалықты ұнамды әрі зәру қасиет.

«Сен қатал, ашуланғыш болған сайын ісің өрге баспайды. Өзің жылы жүз таныта алмасаң, ел де саған тікенектері сойдиған кірпі секілді көрінері рас» деген мәнді сөздің егесі үлкен әулие Мәулана Руми бірде намаз оқып жатқанда, үйіне қайыршы бас сұғыпты. Мәулананың намазға қатты тұңғиықтап кеткенін көрген қайыршы дереу бір кілемшені ұрлап шығып кетсе керек. Бұны байқап қалған көршісі ол ұрыны базарда әлгі кілемшені сатып жібермек болып тұрған жерінен ұстап алып, ұрып-соғып Мәуланаға алып келіпті. Сонда әлгі ұрының кейпіне жаны ашыған Мәулана «Алса, бәлкім, керек болғаннан кейін алған шығар, соған бола бұл байғұсты ұрып-соқпай, қолынан сатып-ақ ала салсаң болмас па еді»,- деп аяушылық танытса керек. Пайғамбарымыз үйреткен кешірімділік пен жұмсақмінезділікті бойына осыншалықты сіңірген жандарға не деуге болады! Өзіне жамандық жасап тұрған адамның өзін кешіріп, жанашырлықпен қарай білу, оған қайта жақсылық жасау — ислам тағылымын терең меңгерген жандарда ғана кездесетін асыл қасиет болса керек! (Шамсаддин Ахмад әл-Афақи, Манақиб ул Арифин, Тахсин Языжы (Анкара: Түрік Тарих куруму басымеви, 1959), том І, 405).

Жұмсақ сөйлеу, жылы жүзді болу адам мен адамды жақындастырып, достыққа, бауырластыққа шақырса, түксиген қабақ, түңкиген мінез, бырқыл жауап, дөң айбат не дөрекі сөйлеу — адамның жеке мәдениеттен жұрдай екенін сездіріп, адамды адамнан суытады, көңілін қалдырып, өкпе-ренішке соқтырады.

Дөрекі сөйлеген адамға қандай жауап айту жөнінде хазіреті Али «Дөрекі адамға сөз қайтарам деп әуре болмаңыз. Өйткені оның басқа да дөрекі сөздері жетерлік. Жауабыңызға тағы сондай нашар сөз айтуы мүмкін. Надан адамға әзіл айтып та бекер, найзадай сөзімен көңіліңізге қаяу салып, бойыңызды мұздатады» десе, Абай атамыз да дөрекі адамдарға дәл сондай дөрекілікке салынып жауап берудің жөн еместігін білдіріп, «Ит тістеді екен деп, мен де барып итті тістесем, аузымда не қасиет қалады?!» деген екен.

Биләл ибн әл-Харис әл-Мүзәни (Оған Алла разы болсын): «Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Расында, қандай да бір адам айтқан сөзінің қаншалықты маңызды екенін білмей Алла Тағаланың разылығына бөлейтін бір ауыз сөз айтқаны үшін қиямет күніне дейін Алла одан разы болады. Сондай-ақ, енді бір адам айтқан сөзінің қаншалықты кесірлі екенін аңдамай сөйлегені үшін Алла Тағаланың қаһарына ұшырайды. Әрі сол бір ауыз сөзі үшін қиямет күніне дейін Алланың оған деген ашуы басылмайды — деп айтты» — деген.  (Тирмизи риуаят еткен)

13001073_113816975690403_3125273888073231956_n

Дайындаған: Амантай Тойшыбай