ИТ ӨМІР……….

Бұл заманға не болды? Ит екеш итті, қоя берші. Адамдар рухани азғындаса не сұрайсың? Дөңгеленген дүниенің берекесін, құдіреті күшті құдай, адам баласының бір-біріне деген мейіріміне жасырды емес пе?

Пенденің көксегені тек ғана дүние болса, оның мейірімі азайады. Мейірім азайған жерде тек ғана пенделік есеп бар. Есеп бар жерде мейірім жоқ екен ғой деп күрсінді, байдың иті БАЙТӨБЕТ.

Бұрын қожайынымның үйінен қонақ арылмайтын, қызыметке тұрып, байығалы бері пейілі тарылдыма кім білсін? Туған ағайындарының өзі бүгінде келуін сиретті.

Ертеректе қазаны оттан түспейтін, ол кезде жейтініміз тек майлы жілік болатын. Бүгінгі жейтініміз кафенің тамағы. Олай дейтінім, жанымыздағы ұйғырдың кафесі жақсы болды. Шелек-шелек жуындысын әкеп менің итаяғыма төгеді.

Спец қосылған лағманнан уже құсқым келеді, көрсем лоқсимын. Осы қожайыным мені соңғы кезде қамыр жейтін мал болып кетті-деп жүр-ау осы. Мен итпін, сүйек кеміргім келеді деп талай рет үрдім. Бір адам қаперіне алсайшы шіркін.

Жақында қарама-қарсы үйде тұратын көрші кемпір дүниеден өтті. Қожайын, көңіл айтып бармады. Қабырғалас көрші келін түсірді, қожайын, құтты болсын айтпады.

Жақсылыққа қуанбайтын, жамандыққа өзегі өртеніп өкінбейтін ақіретің жоқ, неткен пенде болдың сен-деп таңға дейін үріп шықтым, ұлып шықтым, ит болсамда.

Өткенде, жаңадан бастығы болған, боғымен жасты баланы келіншегімен, әйелі екеуі асты-үстіне түсіп өлердей күтті. Иығына шапан жауып, кетерде, төс қалтасына қалың конвертті сүңгітіп жіберді.

Қадірлі қонақтарды шығарып салғасын шарапқа шала мас қожайын, әйелі екеуі сәкіде оңаша шәй ішті. “Күштінің көті диірмен тартады-деген қатын. Биліктің иісі мұрнына бармайтын боқмұрынғой біздің бастық. Тек ғана көкесі мықты. Жаңа заманның талабы осы. Мен оның есебін таптым. Есебін таппайтын есектер жүр әне қара жұмысқа жегіліп-деп шала мас қожайын соны айтты да қор етіп, қалың ұйқыға кетті.

Ертеңіне аталас ағайыны жаман ауруға шалдыққан апасына азын аулақ қаражат сұрап келіп еді, долы қатыны байын бөлмесіне шақырып алып ит терісін басына қаптады. “Бізге не өткізіп қойғаны бар олардың, өлмесе өмірем қатсын. Жүн жеп, жабағы тышып отырған олар ертең бізге берген қарыз ақшаны қайтара алмайды-деп шорт кесті.

Басы салбыраған байы, кеше ғана қомақты қаржыны досыма беріп жіберіп едім, қазір ақша жоқ болып тұрғаны, кейін болмаса-деп үмітпен келген ағайынына өтірік айтып, құр қол қайтарғанда беті бүлік етпеді.

Мейірімінен айырылған адамдардың, есепке құралған ит өмір-ай деп күрсінді Байтөбет ит ағашқа сүйеніп тұрып.

МАҚСАТ СҚАҚОВ.