Инвестициялық мүмкіндіктер
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов өлкеде инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті бірқатар инвесторлармен кездесу өткізіп, инвесторларға ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Атап айтқанда, аудан мүмкіндігі Түркия мемлекетінің қант қызылшасы тұқымын өндіруші “Kuzey Tohumculuk”, жаңбырлатып суару технологиясы құрылғыларын өндіретін “Ipivot” және де Қытай Халық Республикасының таза ауыз су өндіру бағытындағы “Zepu Country Zhenfei Plastic Industry Processing Plant” компаниясы өкілдеріне таныстырылып, келіссөз барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.