Infokazakhstan.kz сайтында бизнесті қалай тіркеуге болады

Электронды рұқсатты басып шығарып, рұқсаттың қағаз көшірмесін кіреберіске іліп қою керек, әйтпесе айыппұл салынады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жұмсаруына байланысты, жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет. Электронды рұқсатты басып шығарып, соның ішінде мониторингтік топтың келуі жағдайына қарай рұқсаттың қағаз көшірмесін кіреберіске іліп қою керек.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы әкімшілер де, жалға алушылар да өтініш беруге міндетті екенін нақтылады.

«Әрекет түрін таңдағанда «Сауда және ойын-сауық орталығының, сауда орталығының жалға алушысы» тармағын таңдау керек. Жалға алушылар өз қызметтерін хабарламасыз негізде тексерусіз жалғастырады, сондықтан сіз өтініш бергеннен кейін бірден сәйкестік туралы акт аласыз. Алайда, сіз жалға беруші санитарлық нормаларға сәйкес деген актіні алғаннан кейін ғана қызметке кірісе аласыз», – деп түсіндірді департамент.

Сонымен қатар, InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелуден өту қайта бастап жатқан бизнес үшін де, карантин кезеңінде жұмыс істегендер үшін қажет.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бизнес түрлерінің басым бөлігі, шамамен 90 пайызы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылатыны маңызды, яғни мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ жұмысты бастауға болады.

Егер кәсібіңіз көпшілік жиналатын нысандар, балалармен тактильді қатынас жасалатын бизнес түріне жатса, онда жұмысты бастамас бұрын нысанды санитарлық талаптарға сай келуі бойынша тексеруден өту керек, яғни рұсат беру тәртібі қолданылады. Бұл қажетті процедура деп санаймыз.

Рұқсат беру тәртібінде өтінім беру процедурасы қиын емес.

Атап айтқанда:

1-қадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, бас санитарлық дәрігер қаулысын жүктеп, кәсіп түріне қойылған талаптармен танысу қажет. Талаптармен мұқият танысып, электронды цифрлық қолтаңбамен растау керек.

2-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау.

3-қадам. Мониторингтік топтың тексеруінен өту.

4-қадам. Егер бәрі дұрыс болса, сайттағы жеке кабинеттен және электронды поштаға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін – жұмысты қайта бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастауға болады.

Жұмысты тексерусіз, хабарландыру тәртібінде қайта бастауда ҚАРАПАЙЫМ ҮШ ҚАДАМ:

1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысын жүктеп, кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оларды электронды цифрлық қолтаңбамен растау.

3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастау.

«Электронды рұқсатты басып шығарып, соның ішінде мониторингтік топтың келуі жағдайына қарай рұқсаттың қағаз көшірмесін кіреберіске іліп қою керек.

Айырмашылық тексеруде ғана, егер өтінім берген соң нәтиже теріс шықса, онда тексеруді екінші рет өтуге болады», – деді мемлекеттік орган.

Кәсіпкерлік қызметті жандандырудағы едордадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты күн сайын бақыланады. «Атамекен» ҰКП, Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар мен бизнесті дамыту бөлімі, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау және қалалық жол полициясы басқармасы бірлесіп тексеріс жүргізеді.