Иманның жеке адам мен қоғамға әсері

Алла Тағалаға иман еткен тап-таза сенімнің иесі одан өзге ешбір тәңірге сиынбайды. Тастарға, ағаштарға тәңірлік сипат та бермейді. Ондай төмен деңгейге түспейді де. Алла Тағалаға шын иланған кісі оған ғибадат жасау мәжбүрлігін сезінеді.

Шындығында, Алла Тағалаға  жасап жатқан құлшылықтарымыздың өзінде ерекше бір тәртіп, жүйе бар. Тек сырттай ғана емес ішкі үйлесімділік, сәйкестілік анық байқалады. Күнделікті жасалатын құлшылық адамды тәртіпке, жүйелі тіршілік етуге үйретеді. Одан бөлек, Алла Тағаланың жаратқан жаратылыстарының өзінен ғажайып бір үйлесім байқаймыз. Бұл да адамның жүйелі іс-әрекет жасауына әсер етеді. Өйткені,  Алла Тағала  тап-таза және ұқыпты құлдарын жақсы көреді. Алла Тағалағаның құзырында қол қусырып тұрған адам баласы ол жерден шыға салысымен жаманшылықтың құшағына еніп кете алмайды. Қазір Алла Тағалағаның құзырынан шықтым, біраз уақыттан соң Алла Тағалағаның құзырына барамын деген ниетте болады.

Қасиетті Құранда шындығында намаз арсыздық пен жаманшылықтардан қорғайды деген аяттан осыны байқаймыз.  Алла Тағаланың барлық нәрсені көріп бақылап тұрғанын, есепке алып тұрғанын білетін, сезінетін мұсылмандар біліп тұрып жаманшылық жасай алмайды. Тіпті, ешбір тірі жан көрінбейтін жерлердің өзінде де жамандық жасауға бармайды.  Мен Алладан қорқамын деп жаманшылықтан сақтанады. Әрбір харам қылықты жасаған сайын, тозақтық отына бір қадам жақындап жатқанын жақсы сезінеді. Мұндай адамдар Алла ризалығы үшін көптеген жақсылықтар жасайды. Өйткені, Алла Тағалаға  бір жақсылыққа он сауап қайтаратынын уәде еткен. Сондықтан, жасаған жақсылықтары үшін адамдардан емес, Алла Тағаладан жақсылық күтеді. Көмекке мұқтаж адамға жәрдем қолын созған кезде Алла Тағаланың өзіне одан да көп сый-сыяпатқа бөлейтінін сезінеді. Соған иланады. Бүгін осыдан жүздеген жылдар бұрын Алла разылығы үшін салынған мешеттерде намаз оқып, көпірлерден өтіп, өзендерден су ішуіміз Алла разылығы үшін малын аямай еңбек еткен аталарымыздың күшті имандылығының себебінен әбден жүзеге асқан деуге толық негіз бар.