Игілік ауылдық округінде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Сарысу ауданына қарасты Игілік ауылдық округінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы саласын өркендету жұмыстары қарқынды дамуда. Онда мал шаруашылығы, егін егу және жем-шөп дайындау жұмыстары тұрғындардың негізгі кәсібіне айналып, экономиканың тұрақты өсуіне үлес қосып келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруалар кәсібін кеңейтіп, техникаларын жаңартуда. Атап айтқанда, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 5 шаруа қожалығы 91 млн 890 мың теңгеге 4 «Беларус МТЗ-892,2» тракторын, 1 погрузчик пен 12 қосалқы тіркеме лизингке алса, «Кең дала» бағдарламасымен 2 шаруа қожалығы 23 млн теңге несие алып, дизель отыны мен тұқым сатып алды. Округтегі 132 шаруа қожалығының 105-і егін шаруашылығымен айналысады, ал мал шаруашылығы бағытында бүгінде 3 144 бас ірі қара, 21 748 бас қой-ешкі, 1 764 бас жылқы, 329 бас түйе және 1 570 бас құс тіркеліп отыр. Биыл шаруалар 1 519 гектар алқапқа дәнді және майлы дақылдар орналастырып, 217 гектар жүгеріден 15 841 центнер, 72 гектар күздік бидайдан 1 152 центнер, 680 гектар арпадан 10 200 центнер және 550 гектар мақсарыдан 3 850 центнер өнім алды, сонымен қатар 1 551 гектар жерге жоңышқа егіліп, 6 7 гектарға бақша дақылдары орналастырылып, заманауи тамшылатып суару технологиясы қолданылды. Қысқы мал азығын дайындау науқанына 36 техника жұмылдырылып, жалпы көлемі 14 300 тонна табиғи мал азығы дайындалды, бұл өз кезегінде мемлекеттік қолдау мен табанды еңбектің сабақтасып, округтің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып отырғанын көрсетеді.