Халықтың қоғамдық көлікке қоятын талаптары ескерілу керек

Сонымен қатар «СапарТранс-2012» ЖШС қыркүйек айына дейін 15 бірлік үлкен сыйымдылықты автобус сатып алуды жоспарлап, бүгінде шығарушы заводтармен келісім жүргізуде. Бұл жұмыстардың қалай орындалып жатқанын бүгін Ержан Жылқыбаев арнайы көлік тасымалдаушы мекемелердің директорларымен өткен кездесуде пысықтады.
Жиында бұдан өзге қала әкімінің кезекті есеп беру жиынында автобустарға қатысты халық тарапынан айтылған өтініштердің шешімі қаралды. Тұрғындардың ұсынысы бойынша Шөлдала, Құмшағал саяжай тұрғындарын қаламен жалғайтын №54 автобус іске қосылды. Ал, Тастақ, Шалғай Қарасу, Шаңырақ, алқаптары мен Темір жолдың арғы аумағына қосымша бағыттар жүргізу бойынша конкурс өткізілуде.
Тараз қаласында жалпы саны 8 бағытта 330 қоғамдық көлік қатынайды. Қала әкімі осы сәуірден қалмай барлық автобустарға штаттық режимге толық көшу қажеттігін ескерді. Әсіресе, 15-ықшам ауданға қатынайтын №28 автобусты және №57 автоубыстың аралығын жиілету қажет. Сонымен қатар кешкі аусымда жүргізілетін №3 қоғамдық көлікті де іске қосуды тапсырды.
Шаһардағы көліктердің 31,5 % пайдалану мерзімі 5 жылдан асып кеткен. Осыны да ескерген шаһар басшысы парк басшыларына міндетті түрде бір автобус болса да жаңарту қажеттілігін ескертіп, тиімті жағдайларда қолдау көрсететінін айтты.
Қала тұрғындары тарапынан автобустардың тазалығына, жүргізушілер мен жолсеріктердің қызмет көрсету мәдениетіне қатысты шағымдар көп айтылады. Бұл бағыттағы жұмыстарға тұрақты түрде бақылау жасап, ретке келтіру керек — деді қала әкімі Ержан Жұматұлы.
Тараз қаласы әкімдігі