Халық есінен батырын ешқашан шығармайды

Жуырда Ерназар ауылының тумасы қызметте жүріп ерлiкпен қаза болған Құдайбергенұлы Тәңірбергенді еске алу турниры қазақша күрестен ұйымдастырылды. Аталған турнирге Тараз қаласынан, Өрнек ауылының және Ерназардан 20-ға жуық палуандар қатысып, өз шеберліктерін танытты. Жарыс тартысты өтіп, ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастады. Мықты деген палуандар кезең-кезеңмен келесі айналымға шыққан сайын жарысты қыздыра тусті.

Шараға ауыл әкімі Ержан Жолбай қатысып, елі бар да ер есімі ешқашан ұмтылмайтынын жеткізді.

Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан кубок пен медальдар, бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақы табысталды.