ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АЙРЫҚША НАЗАРДА БОЛАДЫ

Қазіргі кезде тұрғындарды жұмыспен қамту, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен жастарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді дер кезінде беру, бұл бағыттағы жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізу үшін халықты ақпараттандыру үлкен маңызға ие болып отыр.
Сондықтан да жоғарыда аталған жұмыстарды үйлестіруге жауапты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Халықты жұмыспен қамту орталығының басшыларын қабылдап, түрлі түйткілдерді талқыладық. Нақтырақ айтқанда, қала мен ауыл-аймақтағы қоғамдық жұмысшылардың мәселесі жан-жақты қаралды. Мемлекеттік грант берудегі олқылықтардың алдын алу үшін комиссия құрамын өзгертіп, жұмысты оңтайландыру да қабылдау барысында жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, бүгін Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымына Ержігіт Омбаев тағайындалды. Жаңа басшы жауапкершілігі мол саланы жаңа деңгейге көтеріп, жергілікті жұртшылықпен тығыз байланыс орнатады деп сенемін.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі