Халқымыздың қыз балаға арналған көне мақал — мәтелдері

1.Астың дәмін келтірер түз емес пе, елмен жерді қосатын қыз емес пе.
2. Қызға қырық кісі сөйлейді
3 Қыз көрейік, қыз көретын жігітті біз көрейік.
4. Қызы жақсыны қыдыр қорыйды, қызы жаманды сайтан торыйды.
5. Қызың жақсы болса суда жүзген үйрек, қызың жаман болса ішіңе тиген түйнек.
6. Қыз күнінде бәры жақсы, жаман қатын қайдан шықты.
7. Қыз ұстай алмаған күң етеді, ұл ұстай алмаған құл етеді.
8. Қыз алмаған жігіттің қор қызында дәмесі.
9. Қазанына қарай ошағы, қызына қарай моншағы.
10. Қызсыз үйдің жүгі жиылмас, ұлсыз үйдің малы қайырылмас.
11. Қас жүйрікте сын болмас, қас сұлуда мін болмас.
12. Қызым үйде, қылығы түзде.
13. Қыздан туғанның қиығы жоқ.
14. Қызың жақсы болса үйіңе ырыс кірер, жаман болса ұрыс кірер.
15. Қыз қарызы үйінде, ел қарызы биінде.
16. Қызыңды мақтасын десең алысқа жібер.
17. Қыз ұзын арқау, кең тұсау.
18. Қыздан алған малыңды қыныңа байла.
19. Қызға бергенді қыдыр өтер.
20. Қыз берген жерге дау жүрмейді.
21. Бір қыз тұрмысқа шықса, мың қыз түс көреді.
22. Қыз алатын қалың малдың көптігіне қарамайды.
23. Қыз құшпаған ер арманда, қызғалдақ жемеген қозы арманда.
24. Қасынан қыз өтсе сексендегі шал басын көтер.
25. Қыз қылығы үйде, ұл қылығы түзде.
26.. Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа.
27. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмас.
28. Құмға сиген білінбес, қызға тиген көрінбес.
29. Қырсық шалған жігітті қыз қасынан ит қабар.
30. Қотыр қызға қола сырға.
31. Қыздың баласындай, қолдың саласындай.
32. Қой өрген бел береке, қыз жүрген жер мереке.
33. Қыз ауырма, тұз ауырма.
34. Қыз баққанша қысырақ бақ.
35. Қыз бала окпеші болса, қалың мал көп болар.
36. Қызды ауылдың иті жатпас.
37. Қызды қартқа таңдат, атты жігітке таңдат.
38. Қыздың аңқауынан сақта, ұлдың жалқауынан сақта.
39. Қыздың малы қардың суы.
40. Қызды сөкпе, тұзды төкпе.
41. Қыздың тамағы қылдай.
42. Қызды таныс алады, таныс алмаса қоныс алады.
43 Жақсы қыз жарылмаған қауын.
44. Қызымның құлағына алтын сырға.
45. Қызына қарай күйеуі, үйіне қарай тіреуі.
46. Көсеуін көріп қызын біл.
47. Қызың жақсы болса өрысің кеңейеді, ұлың жақсы болса қонысың кеңейеды.
48. Қойшының қызы қой келгенде таранады.
49. Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейді.
50 Сұймей алған сұлудан сүйып алған су мұрын артық.
51. Тойған қыз төркінін танымас.
52. Төркіні жақынның төсегі жиылмас.
53. Қыдырмашы қыз оңбас.
54. Хан қызы шөміш ұстаса қолы жауыр болады.
55. Шыққан қыз шиден ары.
56. Ыржақой қызға тыржақой, ыржық қызға тыржық күйеу.
57. Ашық қызға болады жігіт ғашық.
58. Кетер қызды кекілінен сипа.
59. Әке өкшесін баспаған ұл оңбайды, шеше ернін қыспаған қыз оңбайды.
60.. Жаман қыз төркіншіл, жаман күйеу қайыншыл.
61. Жігіттен сабыр кетсе, қыздан қадыр қашады.
62. Қыздың бетін кім ашса сол ыстық.
63. Қызың көңілшек болса басының соры, Ұлың көңілшек болса атының соры.
64. Қыздың қырық қулығы бар.
65.. Бр қыздың айласы қырық есекке жүк.
66. Қызды ауыл қызыл өсек.
67. Суды құм бөгейді, дауды қыз бөгейді