«Грация-KZ» командасында — алғашқы алтын

Батыс Қазақстан спортының тарихында бірінші рет «Грация-KZ» волейбол командасы ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды деп хабарлайды БҚО спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.
Таразда өткен жоғары лигадағы әйелдер құрамасы арасындағы волейболдан ҚР ХХІХ чемпионатының барлық 5 турында батысқазақстандық волейболшылар қарсыластар арасында жетекші орынға ие болып, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсеткен.
Ұлттық чемпионаттағы жарқын жеңіс, чемпиондар атағы — бұл команданың алғашқы жеңісті жетістігі.
Республикалық деңгейдегі жарыстарға команданы дайындаған жаттықтырушылары Нұрсұлу Губашева, Әсел Губашева, Айнұр Губашева, Айна Губашева.