Голивудқа барған Туркияның актрисасы

Түркияның бiр актрисасы Голливудқа барыпты. Өте көрiктi, ерекше жаратылған жан болса керек.Голливуд оны қуана қабылдайды. Бiрақ ол фильмге түсуден бас тартып, елiне қайтады. Сондағы себеп, сценарий бойынша бiр эпизодта әлгi сұлу кеудесiн жарқырата ашып жiберуi керек екен. Ал Голливуд актерлерiнiң бiрi бiрнеше секунд оның кеудесiне «тұмсығын тыға» тұруы керек екен. Сонда әлгi түрiк қызы не деген дейсiз ғой. «Мұндай арсыздыққа Шығыс дәстүрi, халкымның тарбиесi рұқсат етпейдi» дептi. Oған Голливуд миллион ұсынады. Ал ол «5 миллион болса да, қалталарыңа салып қойыңдар» дейдi де, дереу билет алып Түркияға ұшып кетедi. Кейiннен осы мәселе Түркия Парламентiнде сөз болып, әлгi актрисаға айтарлықтай ақша берiлiптi. Мiне, ұлттық намыс деген осы! Ал бiзде қалай, жартылай жалаңаш, орыс киносы мен клиптерде журген актрисасымақтарымыз ақша үшiн ұлтын сатуға дайын.

Бекжан Тұрыс