Ғибратты екен..

 

Баяғыда Жапонияда бір император болыпты. Әрбір соғыстың алдында ол тиын лақтыратын.
Тиынның беті «сурет» түссе, әскерлеріне: «Біз жеңеміз» дейтін.
Ал «жазу» түссе: «Біз жеңілеміз» дейтін.

Таңқаларлығы – ол тиынды лақтырған сайын әрқашан «сурет» түсетін. Сол себепті жауынгерлердің жүректері сенім мен жігерге толып, әрқашан жеңіске жететін.

Жылдар өтіп, император жеңістен жеңіске жетіп отырды. Бірақ қартайған шағында, өлім аузында жатқанда, қасына мұрагер ұлы кіріп:
– Әке, маған сол тиынды беріңіз, мен де сіздің бастап кеткен жеңісті жолыңызды жалғастырайын, – дейді.

Император қалтасынан тиынды алып, ұлына береді. Ұлы бір жағын қараса – «сурет». Қарама-қарсы жағын аударса, тағы да «сурет»! Ұлы таңғалып:
– Әке, сіз бүкіл өміріңізде халықты алдап келгеніңіз бе?! Енді мен оларға не айтамын? «Батыр әкем алаяқ болды» деймін бе? – деп қапаланады.

Сонда император күлімсіреп:
– Мен ешкімді алдаған жоқпын. Өмірдің заңы осындай: шайқасқа кіргенде екі-ақ таңдау бар – бірінші: жеңіс, екінші: жеңіс! Егер сен жеңілісті ойласаң – ол сөзсіз келеді. Ал жеңісті ойласаң – ол міндетті түрде келеді! – деп жауап беріпті.

Ғибрат: Өмірдің қиындықтарын жеңу – тағдырға сеніп қана қоймай, Аллаға деген сенім мен өз еркіңе байланысты.

Дана кісілердің:
«Не нәрседен қорықсаң – соған тап боласың. Сондықтан әрқашан сені қуантатын нәрсені ойла, уайым әкелетін нәрседен аулақ бол.» — деген ұлағатты сөзі бар…