Гендік инженерия — яролық қарудан да қауіпті

Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин жастар мен студенттердің бүкіләлемдік фестивалінде: «Гендік инженерия адам жадын өзгертуге қабілетті фармакология саласындағы таңғажайып мүмкіндіктерге ие.

Бүгіндері адам адамды белгілі бір сипат бойынша жасай алатынына анық көз жеткіп отырмыз. Бұл данышпан математик, данышпан музыкант болуы мүмкін немесе соғысқанда үрейге бой алдырмайтын, жаны ашуды білмейтін, жаны ауырмайтын әскери адам болуы мүмкін.

Білесіздер ме, адамзат бәлкім, жақын арада өзінің өмірі сүруі мен дамуындағы өте жауапты әрі күрделі кезеңді бастан кешіріп қалады.Менің қазіргі тілге тиек еткенім ядролық бомбадан да қауіпті»,— дей келіп, алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды кеңінен енгізу қажеттігін, ол адамзатқа артылар жауапкершілікті, соның ішінде, адамгершілікті, теңдікті, әділеттілікті ұмытпау керектігін де ескертті. Әйтпесе, мұның арты жақсылыққа апармайтынын да қадап айтты.

 

Ермек Сахариев