Фристайл-могул: Қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиаданың финалы үшін екінші іріктеуде сынға түседі

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі өтті.

Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының атынан үш спортшы қатысты. Алайда қазақстандық могулшылардың ешқайсысы финалға тікелей жолдама ала алмады.

Іріктеу қорытындысы бойынша Анастасия Городко 12-орынға, Юлия Галышева 14-орынға тұрақтаса, Аяулым Әмренова 20-нәтиже көрсетті. Осылайша, үш спортшы да іріктеудің екінші кезеңінде бақ сынайды.

Ереже бойынша фристайл-могулдан финалдық кезеңге шығу үшін іріктеуде үздік он спортшының қатарына ену қажет. Қалған қатысушылар екінші іріктеу кезеңінде финал жолдамасын сарапқа салады. sportm.kz

Дайындаған – Шаргүл Қасымханқызы