Форум мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды алуды үйретті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алудың маңыздылығы» жөнінде форум өткізілді.
Форумға 600-ден астам студенттер мен мұғалімдер, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің өкілдері қатысты. Бұл форумның негізгі мақсаты студенттер мен оқытушыларды электрондық цифрлік қолтаңбамен толық қамтамасыз ету, «Электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жасауды үйрету және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың маңыздылығы туралы насихаттау жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Сонымен қатар, Форумға ХҚКО-ның мобилді тобы шақыртылып студенттер мен оқытушылар электрондық цифрлік қолтаңбамен қамтамасыз етілді. Сол жерде оларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов студенттерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мәселелер бойынша түсініктер берді. Форумда Атырау мұнай және газ университетінің студенттері мен мұғалімдерін толығымен электрондық цифрлік қолтаңбамен қамтамсыз ету және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың маңыздылығын насихаттау мақсатында Атырау мұнай және газ университетімен, ХҚКО және Департаментпен үш жақты іс-шаралар жоспары жасақталды.  Осы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін тиісті орындарға тапсырмалар берілді.

Светлана Муньянова