Фарафель жасап үйренейік

Фарафель — ноқаттан (нут) жасалынатын Еуропа елдеріне танымал котлет түрі.
Фарафельге керек өнімдер қолжетімді. Ең бастысы ноқат болса жетіп жатыр.
1 кесе ноқат

1 үлкен пияз

5 тал сарымсақ

дәміне қарай тұз (2 шәй қасық болуы мүмкін) бұрыш, ақжелкен, кориандр, кинза, майда зірә, базилик;

2 шәй қасық ұн, өсімдік майы.

Жасалу жолы:

Ноқатты салқын суға салып, бір түнге қалдырыңыз немесе тәулік бойы тұрса да болады. Одан кейін суынан арылтып, еттартқыштан екі мәрте өткізіп алыңыз. Пияз бен сарымсақты да еттартқыштан өткізіп жіберіп, дәмдеуіштерді қосыңыз. Тмин, кориандр, базилик, қара бұрыш, тұз, ақжелкен, кинза, ұн салып, жақсылап араластырамыз. Кейіннен  ұнды көбірек қосу фарафельдің қатты болып кетуіне алып келеді, сондықтан мөлшермен қосамыз да, қызып тұрған майға қолмен дөңгелетілген фарафельдерді қуырып аламыз. Майға тез қызаратындықтан, алдын ала пішінге келтіріп алғаныңыз жөн. Мейілінше, алақанда қатты қысып, суын шығарып жасау керек, олай етпеген жағдайда шашырап қалады. Тіпті жабыспай жатса, тағы азырақ ұн қосып, ұнға аунатып алуыңызға да болады. Майда ұзақ ұстасаңыз, түсі демде қарайып кетеді, сондықтан алтын түске енгенше екі жағын бірдей қуырып алыңыз. Міне, осымен фарафеліміз де дайын. Асыңыз дәмді болсын!