ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

🔰Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен «Qazaqsoda» ЖШС-інде этносаралық негіздегі даулы жағдай туындау ықтималдығы бар ауыл, мекеме (мектеп, аурухана) және кәсіпорындардың бірінші басшыларына қолданыстағы алгоритмді оқыту семинары өтті.

🔰Шараға сондай — ақ, «Qazaqsoda» ЖШС-інің өкілдері, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Роллан Қуанышбаев, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тлеубаев, «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры Данияр Омар және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.

🔰Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Сарысу ауданы бойынша электрондық еңбек биржасындағы жобалардың іске асырылу барысы және бос жұмыс орындарын орналастыру туралы» «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры Данияр Омар баяндама жасады.

🔰Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы этносаралық тұтастықты сақтаудың маңыздылығын айтып, ұлтаралық татулықты нығайтудың жолдарын ұсынды. Сондай — ақ, аудандағы кәсіпорын өкілдеріне жұмысқа аудан тұрғындарын орналастыруда өзге этнос өкілдерін де назардан шығармау керектігін жеткізді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы