Ет бөліктерін ажырата алмайтындарға шпаргалка

Сыбаға — құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам.


Мәселен ақсақалдарға, құдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқалары сияқты мүшелері тартылады. Сондай-ақ құдағилардың жамбас, қыздар мен күйеулердің төс, балалардың құлақ, бүйрек, жүрек сияқты сыбағалары болады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Үлкен адамдарға ірі мал жамбасының шұқыршағын, жауырынын, кәрі жілігін аспайды. Қыздарға кәрі жілік, өкпе бермейді. Қолдың жіліктері құрметті адамдарға тартылмайды. Сыбағаның, төркін сыбаға, қара сыбаға, өлі сыбаға су сыбаға түрлері бар.


❗️Сіз жақта ет қалай ұсынылады?