ЕСКЕРТУ: — Дəстүрін ұмытқан нағашылар ойлансын деген ізгі ой еді….

НАҒАШЫҒА НАЗ немесе МОЙЫНДАУ ДА ЕРЛІК…

Тарбағатайдың күнгейінде Ұрыжар ауданында Қытайдан 1962 жылы келген от ауызды, орақ тілді Ауған деген ақын болған еді. Бірде қытай жерінде бай нағашысына қыдырып келеді( 1930 жылдары репрессия ұшырап, шет елге кетуге мəжбүр болған екен) Бір — екі күннен кейін ауылына қайытпақшы болады… Нағашысының сараңдығы ұстап:- Малдың бәрі жайлауда, мынау қырық серкештің бірі,- деп, бір малға ере алмаған ақсақ текені өңгертіп жібереді. Текені өңгеріп алған Ауған былай деген екен:

Нағашыма кеп едім теке берді.
Бұдырсыз өз басын жеке берді.
Обал ғой деп атқа мен өңгеріп ем,
Жануар күрік- күрік жөтеледі.
Силағанды түсінбеген сасық теке,
Тышқақтап алдыма ол кепеледі.
Атқа еріп жүрмеген соң тастап едім,
Бір құзғын ала жаздай жеке деді.
Не келіп, не кетпеген Ауғандарға,
Текені тастады да кете берді,-

деп, атын борбайға бір салып, шаба жөнеледі. Сөзден ұтылған нағашысы жігіттер жіберіп, ұстап алып, үйіне әкеліп, бір жылқы сойып, ақ боз ат мінгізіп, арқасына шапан жауып: — Ауғанжан, нағашыңнан бір қателік өтті. Мұны ешкімге айтушы болма!- деп, шығарып салады. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарап, бізге дейін жеткен екен….!Жеңілгенін мойындап, УӘЖге келген қайран бабалар- ай!!!!

Сәбетқазы  Нұрсила  фб парақшасынан