Ешкіден де ерен табыс бар

Мемлекет тарапынан ауыл-аймақта тұратын көпбалалы аналарға жеке кәсіп бастауға қолдау бар. Қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие қарастырылған. Білім алып, кәсіптік сауаттылығын арттыра алады. Бұл жағдай ауылдағы ағайынды қуантып тастады. Іске талпынған әйелдер үшін мұндай мүмкіндіктер отбасының табысын еселеп, аналардың үйде отырып-ақ жұмыс жасауына жол ашты.
Қаржылай қолдаудың игілігін көргендердің бірі – Жаңатастық Айсұлу Тұрсынбаева.
Ол шаруашылығын асыл тұқымды зайнен ешкілерін асыраудан бастап, балаларының нәпақасын тауып отырған Айсұлу Тұрсынбаеваның шаруашылығымен танысқан болатынбыз.Айсұлу апайдың айтуы бойынша:
-Желтоқсан айында бес жүз бес мың грант жеңіп алғанмын. Аса ауылынан асыл тұқымды зайнен сүтті 4 ешкі алдым. Құжаты менің атыма тіркелген барлығы заңды. Күніге екі мезгіл сауамын. Төрт ешкіден 10 литір сүт аламын. Ешкінің сүті ем деп тұрғындар тапсырыс береді. 4 ешкім төлдеді. Алдағы уақытта көбейтсем ба деген ойым бар.Осы шаруашылықтың арқасында бала-шағамды асырап отырмын. Жастар жылында жастарымызды қолдап отырған Қазақстан республикасының президентіне , облыс, аудан басшыларына аналық алғысымды білдіремін. Алдына арман-мақсат қойған шаруа келіншек ежелден мал баққан халқымыз ешкіні төрт түліктің қатарына қоспаса да, қадірін жақсы біліп отыр. Себебі ешкі ерекше күй талғамайды, әрі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса, ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Жалпы, ешкінің сүті мен етінің қасиетін түсініп, бұл істі бір ізге қойған.
Швейцарияда туберкулез, қаназдық, рахит, буын, тері ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген. АҚШ секілді дамыған мемлекеттер ешкі сүтін жас нәрестелерге беру үшін арнайы дайындайды. Сондай-ақ ешкі өсіріп, одан тәуір табыс тауып отырған елдердің де қатары көп. Бұл елдердің санатына біздің еліміздің, соның ішінде фосфор мен ауылшаруашылығынан өзге кәсібі жоқтай көрінетін Сарысу өңірінде жүзеге асуы қуантарлық жағдай.
Шағын ғана ауладан кәсіптің көзін тауып, елге үлгілі болып жүрген Айсұлуға тұрғындар дән риза.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.