Ерлердің жадында жаттаулы жүрсін!

 (Бірінші ашуланған адам жеңіледі)

— Әдетте танысуға батылың жетпейтін қызбен танысып көр. Біраз таң қаласың.
 Саған тікелей қауіп төндірмеген адамға зарар келтірме.
— Әр баскиімді өз мақсатына сай ки.

-Сақал-мұртты сабындап барып қырынуды үйрен.
— Жақсы тігілген әдемі костюм кию – жігіттің көркі.
— Бірінші рет түктің бағытына қарай қырыну керек.
— Адаммен сөйлескенде көзіне тік қара.
— Вантуз қажет болмай тұрып сатып алып қой.
— Спортпен шұғылдану жігітті бақытқа бөлейді. Жүгіру, штанга көтеру, гантельмен жаттығу, футбол, баскетбол және т.б.
— Галстук тақпас бұрын тісіңді шаюды әдет қыл.
-Жалақыңның бір бөлігін жинап жүр.
— Әке-шешеңе апта сайын қоңырау шал.
— Ешқашан түймеленетін галстук тақпа.
— Адамдардың қолын қатты қысып амандас.
— Әйелдің аяқкиіміне қатысты мақтау айт.

— Бірдеңеге сенімің болмай тұрса да сенімді қалып таныт.
-Адамды мазалайтын нәрсесі арқылы тануға болады.
— Тәннің тілін жақсы меңгер. Әсіресе, өзіңдікін (Ым, ишарат, жүріс-тұрыс).
— Нысанаға алдың ба – шүріппні бас.
— Біреудің қолын қыспас бұрын орныңнан міндетті түрде тұр.
— Айырлып қалуға қорқатын нәрсені қарызға берме.
— Жауап бергеннен сұрақ қоюға пейілді бол. Адамның бәрі өзі туралы айтқанды ұнатады.
— Кеңседе артық киім сақтауды әдет қыл.
— Құрал-жабдық алғанда ең сапалысын таңда, әйтпесе қайта-қайта сатып алуға тура келер.
— Азаматтық — өзіңді ғана ойлау емес, айналаңа қамқорлық таныту.
— Ертесі қысылмай айта алатын шешімдерді ғана қабылда.
— Түрегеп жүргенде түмпиіп жерге қарама, алдыңа қарап жүр.
— Көңілді жігіттер аттандаушылардың алдын орап әкетеді.
— Көңіліңе жағатын істі тап, одан қалай пайда табуға болатынын біл.
— «Кішкене басың» «үлкен басыңның» алдына түсіп кетпесін.
— Өмірлік мәртебесі мен қызметіне қарамастан әр адам сенің құрметіңе лайық.
— Ең бастысы — жеке бастың жауапкершілігін меңгеру. Әр кездің өз түйткілі бар, сенің мақсатың – соның бәрін шешу.
— Бірінші ашуланған адам жеңіледі.
— Ешқашан жұмыс пен мойынға жүктелген парыз дүниеге ренжіме. Ренжігеннен басқа біреу келіп істеп бермейді.
— Ешқашан оқып-ізденуден шаршама.
— Елдің алдына шығатын кезде өмірлік махаббатыңды қарсы алуға шыққандай киініп жүр.
— Біреудің бақыты үшін өзіңді өзгертуге талпынба. Өзің үшін ғана өзгер.
— Егер осы бөлмеде ең ақылды сен болсаң, онда сен дұрыс емес бөлмеде отырғаның.
— Шын күткен адамға ғана сәттілік бұйырмақ.
— Жігіттің сенімді болуы оған көрік береді дейді әйелдер.
— Қалауыңның бәрін жаса, тек ниетіңді кірлетпей жаса, ең дұрыс жолын таңдай біл.
-Ажал құшар алдында ешкім жұмыс істей тұрайын демеген. Өмірден ләззат ала біл.

Аударған Шынар Әбілдә