Ерікті түрде қоныс аудару

Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысуға жұмыс іздеуші адамдардың және (немесе) жұмыссыздардың, қандастардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің құқығы бар.
🔰 Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:
1) он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен түлектері;
2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
🔰Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беруді;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй ұсынған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тұрғынжай немесе жатақханалардан бөлме береді;
🔰Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
🔰 Қосымша ақпарат алу үшін Сарысу ауданы бойынша Мансап орталығы филиалынан білуге болады. Жаңатас қаласы, Жібек жолы 31Б көшесі, байланыс нөмірі 8726 34 6-10-60