ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУЫ ШАРТ

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын әлеуметтік қорғау — ұлттық жүйенің негізгі бағыттарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру маңызды.
Бүгін Партиялық бақылау комиссиясында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Налекова Партияның «Кедергісіз келешек» жобасының іске асырылуы туралы есеп берді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ауданда инфрақұрылымды жақсартуға және бейімделуді қажет ететін 2021 — 2025 жылдарға 86 нысан жоспарланған.
Зерделеу нәтижесінде бүгінгі күні 17 нысанда кемшіліктер анықталып отыр. Комиссия мүшелері аталған мәселені шешуді шұғыл қолға алып, тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды. Партия аудандық филиалы да өз тарапынан тиісті жұмыстарды қолға алады.
Комиссия отырысы соңында ұсыныстар ескеріліп, қаулы қабылданды.

Марат Нарымбек, Amanat» партиясы Жуалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы