Ер затының рухының төмендеп етекбасты болуына не себеп?

1. Арам ас.
2. Тақуалығы жоқ әйел.
3. Киім тәртібі сақталмауы, жүректе иман, тілінде құраны мен бойында бой дәретінің жоқтығынан.

Басына тақия,бөрік киіп басты қадірлеуден еркекке келетін нығметтер:
– Жетесі жетіледі;
– Көк нұрына жалғанады;
– Етекбастылықтан қорған болады;
– Алтынның шабуылынан(әйел затының ықпалынан шыға алмау) қорғайды.

Жеңді киім кию: Қол аруағы қолдау береді. Демікпе ауруынан қорған болады. Қол баласы жетіледі. Бой өрісінде тесік-шұрықтар болмайды.

Аяққа мәсі киіп,жылы ұстаудан: Аяғына нұр түседі (бақ қонады). Әр қадамына періштелер жақсы тілек жаудырады. Наны піседі. Сүйектері дұрыс жетіледі. Нәрін жоғалтпайды. Жаратқанды мойындамағандарды шалады (сөзі пәтуалы болып, жазалаушы қасиет қонады)

Еркектерге шапанды болудың нығметтері; Ойшылдық пен даналық дариды. Қара қылды қақ жарар әділдік пайда болады. Ерегіскендерді татуластырады. Сәби баланы сипаса алқанында шипа болады. Құйрық майын жеп тауысады(семіздік дертіне ұшырамау)

Осы қағидалар орындалса киім қадірі меңгеріліп, Жаратқанға жол ашылады.

– Ескерту: қазір азып-тозып,рухсызданып, мәңгүрттенген еркектердің шорты киюінен
бара- бара аяқ сіңірлері тартылып,бұлшықеттері жұқарып қысқарады. Аяқ ауруына ұшырайды. Белсіздік пайда болады.

 

Мақсат Сқақовтың фейсбук парақшасынан