Төрт түлік малда өсім бар

Сарысу ауданының тұрғындары мен шаруалар өз ісін ілгерілетіп мал өсіруге баса ден қойған. Мемлекеттік қолдау жұмыстарын дұрыс жолға қоюдың нәтижесінде төрт түлік малда өсім бар. Үстіміздегі жылдың қаңтар – сәуір айларының көрсеткіші бойынша (былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда) мүйізді ірі қара — 24421 басқа, қой-ешкі – 251 997 басқа, жылқы – 7593 басқа, түйе – 2633 басқа, құс – 24922 басқа жеткізілді. Өндірілген ет пен сүт көлемі де артты. Ет (тірілей салмақта) барлық санат бойынша 1092 тонна, сүт (сиыр сүті) 498,0 тоннаны құрады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі