Ұлы Жеңіс күніне арналған шаралар ауылдарда да жалғасын тапты

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай, ауылдық аймақтарда да мерекелік шаралар өтті.
Ауыл тұрғындары майдан даласынан қайта оралмаған майдангерлерді еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті.
Қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарына құрмет көрсетті.
Байқадам ауылдық округінің орталығы Саудакент ауылында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов қатысып, ардагерлер мен ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Ауыл тұрғындары Саудакент ауылындағы Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған монументке гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым жасады.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Тілеубайұлы Игілік ауылдық округінде болып, тыл ардагерлерін құттықтап, сый-сыяпат жасады.
Осындай шаралар барлық ауылдық аймақтар мен елді мекендерде жалғасын тапты.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі