Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «БІР ӘЛЕМ-БІР КІТАП» акциясы өтті

⚡️Бүгін Халықаралық кітап сыйлау күніне орай академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «БІР ӘЛЕМ-БІР КІТАП» акциясы өтті.

⚡️ Аталған іс-шараға қатысқан студенттер, ұстаздар және қонақтар өте көп болды.


⚡️ Акция студенттер мен келген қонақтар жеребе тарту арқылы бір-біріне кітаптар сыйлады.


⚡️ Аталған іс-шарада университет ректоры Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ақылжанова Ляззат Төкенқызы және көптеген қонақтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді.


⚡️ Менде аталған акция аясында қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы апаймыздың «Намыс қайрағы» кітабын жас досқа сыйға тарттым!
⚡️ Сонымен қатар іс-шара барысында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, студенттер өздері жасаған тағам, бұйымдарын сатып түскен қаражатты бауырлас Түрік елінде болған апатқа байланысты аударылады.


⚡️ Шара соңында аталған университет студенттері өз өнерлерін ортаға салды.
⚡️ Үнемі осындай рухани, игі шараны ұйымдастырған Е.А.Бөкетов Атындағы Қарағанды Университеті ұжымына алғысымыз зор!