Елорданың тұрғын алабының ауданына су тартылды

Сондай-ақ мұнда екі қоғамдық кеңістіктің құрылысын аяқталуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бүгін Нұр-Сұлтан әкімі Үркер елді-мекенінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. «Елді-мекенде «Ауған орамы» бар (екінші сектор). Былтыр елді-мекен тұрғындары үйлерді сумен қамтамасыз ету, көшелер мен жолдарды жарықтандыру бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Биыл жазда ауданның барлық үйлеріне су тартылды.

 

 

Жол төселіп, жарық берілді. Кәріз жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге оқу жылы басталғанға дейін елді-мекенде ұялы байланысты жақсарту үшін антенна орнатуды тапсырдым», – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм». Сонымен қатар Үркер елді-мекенінде екі қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталады. «Бұл жергілікті тұрғындар уақытын пайдалы өткізетін жерге айналмақ. Үркер елді-мекенінде 2 мың орындық мектеп құрылысын жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін елді-мекенде 10 канализациялық сорғы стансасын орнатамыз, 8,5 км жол асфальттаймыз», – деп атап өтті Алтай Көлгінов. Қалада барлығы 280 мың халық тұратын 16 елді-мекен бар. Бұл — қала халқының төрттен бірі. Жұмыстар барлық елді-мекендерде жүргізіліп жатыр. Елді-мекендерді дамыту мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.