Елордада бүгін қар тазалауға 1 282 техника мен 1 629 жұмысшы жұмылдырылды

 

Нұр-Сұлтанда 2 қаңтардан 3-не қараған түні қар полигондарына 37 622 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Өткен түні қар тазалау жұмыстарына 1 246 техника бірлігі мен 170 жол жұмысшысы жұмылдырды. Нәтижесінде, 3 165 рейс жасалып,  37 622 текше метр қар қала сыртына төгілді. Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 282 техника бірлігі мен 1 629 жол жұмысшысы тартылды. Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 2 935 786 текше метр қар шығарылды (24 4678 рейс)